Близость слов: Окончание:





Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 147 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы - 2025 жыл;
бағалы қағаздардың түрі - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылыс жайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
Батыс Қазақстан облысы - 2 900 555 000 (екі миллиард тоғыз жүз миллион бес жүз елу бес мың) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бүйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi