«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15- тармағының 345) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 сәуірде № 35961 болып тіркелді
Редакция 23.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 345) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын (бұдан әрі – музей заттары) есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару тәртібін тиянақтайды.
2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бейінді емес музей заттары – музейдің негізгі бейініне жатпайтын музей заттары;
2) ғылыми-көмекші қор – көшірілуі, сақталу жай-күйі, бастапқы фрагменттілігі, сақтау мерзімдерінің шектелуі және/немесе өзге де себептері бойынша шектеулі ақпараттылығы бар және музей заттарын зерттеу және пайдалану кезінде қосымша функцияны орындайтын мәдени құндылықтардың жиынтығы;
3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі әрбір мәдени құндылықтардың жиынтығы;
Полная версия

