Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Гидротехникалық құрылысжайлардың көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясы нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 156-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36350 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес гидротехникалық құрылысжайлардың көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясы нысаны бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 27 маусымдағы № 156-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 23-бабы 1-тармағының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және гидротехникалық құрылысжайлардың (бұдан әрі – ГТҚ) көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Су Кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес ГТҚ қауіпсіздігі туралы регламентте айқындалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қауіптілігі жоғары ГТҚ үшін техникалық жай-күйін зерттеп-қарау көпфакторлы зерттеп-қарау шеңберінде жүргізіледі. Көпфакторлы зерттеп-қарау әр бес жыл сайын жүргізіледі. Бес жылдық кезең, алдыңғы декларацияны тіркеу уақытынан бастап есептеледі.
3. Көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу үшін меншік иесі ГТҚ қауіпсіздік өлшемшарттарын айқындауды және олардың сақталуына жыл сайынғы мониторингті жүргізеді.
4. Тексеру нәтижелері көпфакторлы зерттеп-қарау актісімен ресімделеді, онда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ГТҚ-ның техникалық жай-күйін бағалау көрсетіледі.
Полная версия

