Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 210-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 17-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.» деген сөздер «соттаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысын сот санкциялаған күннен бастап үш жылдан астам халықаралық іздестіруде болса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.»;
2) 238-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы «сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.» деген сөздер «сот үкімінің;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.»;
3) 241-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «сот үкімінің» деген сөздерден кейін «; сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) қылмыстық жауаптылықты болғызбайтын;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.»;
2) 2-баптың екінші бөлігіндегі «негіздері» деген сөз «негізі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«217-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздерден кейін «232-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын материалдық сыйақының және (немесе) мүліктік сипаттағы пайданың мөлшері;» деген сөздермен толықтырылсын;
«233-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал;» деген сөздерден кейін «233-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын мұнай немесе мұнай өнімдерінің құны;» деген сөздермен толықтырылсын;
«269-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздерден кейін «301-1-бапта – құны айлық есептік көрсеткіштен елу есе асатын тауарлар саны;» деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi