Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII Кодексі
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «шетелдік, қандас», «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам», «шетелдіктер», «шетелдіктің», «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетелдікке», «шетелдіктерден», «шетелдік пен азаматтығы жоқ адам», «шетелдік жеке тұлғаның», «шетелдікті», «шетелдіктердің», «шетелдіктерге», «шетелдік адам», «шетелдікпен» деген сөздер тиісінше «шетел азаматы, қандас», «шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам», «шетел азаматтары», «шетел азаматының», «шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетел азаматына», «шетел азаматтарынан», «шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам», «жеке тұлға шетел азаматының», «шетел азаматын», «шетел азаматтарының», «шетел азаматтарына», «шетел азаматы», «шетел азаматымен» деген сөздермен; «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен; «республикалық маңызы бар қалалар, астана», «республикалық маңызы бар қала және астана», «республикалық маңызы бар қалада және астанада», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер тиісінше «астана, республикалық маңызы бар қалалар», «астана және республикалық маңызы бар қала», «астанада және республикалық маңызы бар қалада», «астананың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 308-VIII Заңына сәйкес (18.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодекспен реттелетін сала
1-параграф. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Салық салу мақсаттары үшін пайдаланылатын негізгі ұғымдар жөніндегі жалпы ережелер
1. Осы Кодексте салық салу мақсаттары үшін негізгі ұғымдар осы параграфта айқындалатын мағыналарында пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарында пайдаланылады.
2. Осы Кодекстің мақсаттарында екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері үшін көзделген ережелер Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшелерінде ашылған шот банктік шотқа теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға теңестіріледі.
4. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
5. Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)» деген атау «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» деген атаумен бірдей болады.
3-бап. Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар
Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар:
1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлестерінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан көп пайызы АХҚО органына тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлға.
Жанама иелену АХҚО органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы АХҚО органының иеленуін білдіреді;
2) банк ұйымы – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Полная версия

