Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шiлдедегi № 180-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 шiлдеде № 36502 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
3. Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 23 шілдедегі № 180-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша
Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдалану жөніндегі бассейндік жоспарды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын, сондай-ақ су ресурстарын қорғау мен пайдалану жөніндегі бассейндік жоспарды әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су ресурстарымен қамтамасыз етілу болжамдарына сүйене отырып, мақсаттарды, міндеттерді және тәсілдерді айқындайтын құжат;
2) су ресурстарын қорғау мен пайдалану жөніндегі бассейндік жоспар (бұдан әрі – бассейндік жоспар) – су объектілерін қорғауға, қоршаған ортаның, халықтың және экономиканың түрлі салаларының болашақтағы су ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуға және тиісті су шаруашылығы бассейнінің аумағында жасанды құрғақшылықтың туындауын болдырмауға бағытталған негізгі іс-шараларды айқындайтын құжат;
3) су шаруашылығы балансы – белгілі бір объект бойынша белгілі бір уақыт кезеңінде су ресурстарының бар-жоғы мен оларды пайдаланудың арақатынасын көрсететін құжат;
4) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығына ие және оны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Полная версия

