Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36740 болып тіркелді
Редакция 17.05.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 45 Қаулыға қосымша
Қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидаларын, талаптарын және әдістемесін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылардың саны және пай кірістілігі туралы ақпарат ұсыну қағидаларын, нысандарын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесінде:
1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар құнының құнсыздануын немесе азаюын тану критерийлерінде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

8

Қор биржасы тізімінің «Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер» сегментіне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

Полная версия
ИС BestProfi