Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 884 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
«125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын:
«125-1) Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемаларын келіседі;»;
«126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;»;
«265) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«290-16) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 467-24), 467-25) және 467-26) тармақшалармен толықтырылсын:
«467-24) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындайды;
467-25) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті белгілейді;
467-26) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;».
2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия
ИС BestProfi