Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 16 қазандағы № 67 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37233 болып тіркелді
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Тізбенің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 16 қазандағы № 67 Қаулыға қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7-3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша осы шарт жасалған күннен бастап кемінде толық бір күнтізбелік жыл өткеннен кейін бұзылуы мүмкін.
Полная версия

