Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ нысандарын, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37317 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың басып шығарылған нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Д. Темирбеков
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрыққа 1-қосымша
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі
|
№ |
Тауардың атауы |
|
1 |
2 |
|
1. |
Өндірілуі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын |
|
2. |
Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі |
|
3. |
Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері |
|
4. |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының 5) тармақшасына сәйкес газохол, бензол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын. |
|
5. |
Өндірілуі мен айналымы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін сұйытылған мұнай газы |
|
6. |
Айналымы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар |
|
7. |
Қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар |
|
8. |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар |
|
9. |
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрыққа 2-қосымша
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

