«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 663 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 қарашада № 37337 болып тіркелді
1. «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 39 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 18233 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Полная версия

