Близость слов: Окончание:





«Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1102 қаулысы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 753-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары;
2) Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы
№ қаулысымен бекітілген
« »
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары

Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) (бұдан әрі – кен орны) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттары

Кен орны бойынша рентабельділік нормасы

Алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кен орнының рентабельділік деңгейі

5% ≥ кен орны бойынша рентабельділік деңгейі

Ескертпе: кен орны бойынша рентабельділік деңгейін есептеуді жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 753-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес өзі жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары
1. Осы Рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) 753-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орны (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы, кен орнының бір бөлігі) бойынша рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау тәртібін белгілейді және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кен орындарына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
өзара байланысты тараптар – Салық кодексінің 14-бабының 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше шартқа сәйкес келетін өзара қарым- қатынас жасайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
Полная версия
ИС BestProfi