1) 36-бапта:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 243-VIII
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«3-1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;»;
1-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Күрделі» деген сөз «Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, күрделі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-5 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-5. Шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған аумақтар аз зерттелген аумақтар деп танылады.
Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібін құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
«2-2. Бұрын жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуына байланысты көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шарттардан басқа, мынадай:
1) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес жүргізілген шығындарды сенімгерлік басқарушыға өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу;
2) осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген жабдық пен өзге де мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу;
3) сенімгерлік басқару процесінде сенімгерлік басқарушы сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.»;
5-тармақтағы «барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың, өндіруге арналған келісімшарттың, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ 3) тармақшасындағы «бойынша ауысуына тыйым салынады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 103-бабының 8-тармағында және 160-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт қолданысының алғашқы үш жылында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша ауысуына тыйым салынады.»;
«Осы Кодекстің 44-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) ауысқан жағдайда көрсетілген өтінішті жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші береді.»;
Полная версия

