Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 247-VIII
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 127-3-баппен толықтырылсын:
«127-3-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Білім беру ұйымдары және (немесе) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының және (немесе) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау және (немесе) баланы жәбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыру және (немесе) оларға ден қою тәртібін сақтамау;
2) зорлық-зомбылыққа және (немесе) қатыгездікпен қарауға және (немесе) жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған және (немесе) зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3) қадағалаусыз және панасыз қалған балаларға және (немесе) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға және (немесе) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға және (немесе) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) жетім баланы (жетім балаларды) және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мерзімдерін және (немесе) мөлшерін және (немесе) оны тоқтату негіздерін бұзу;
2) неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды және (немесе) баланы қабылдайтын ата-аналарды және (немесе) баланы қабылдайтын кәсіптік тәрбиешілерді және (немесе) патронат тәрбиешілерді тағайындау;
3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібін сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
Полная версия
ИС BestProfi