1-баптың 1) тармақшасы осы Заңның 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 249-VIII
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 25-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздерден кейін «немесе техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды ашық тәсілмен өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
«5. Берілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында берілген күні орналастырылады.»;
«Қайта ресімделген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қайта ресімделген күні орналастырылады.»;
«Түзетілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында түзетілген күні орналастырылады.»;
8) тармақшадағы «жер қойнауының мемлекеттік мониторингін», «жүзеге асыру» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді», «ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша «нормаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін» деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия

