Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 257-VIII
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-баптың 1) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
1) бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттандыру және байланыс», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйе», «Ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйенің», «ақпараттық қауіпсіздік», «ақпараттық қауіпсіздіктің», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды», «ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйелерінің», «Электрондық ақпараттық ресурстарды», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның», «электрондық үкіметтің», «ақпараттық қауіпсіздігін», «Байланыс және ақпараттандыру», «Ақпараттандыру және байланыс», «электрондық үкімет» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесіне», «цифрландыру және байланыс», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйе», «Киберқауіпсіздікті», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйенің», «киберқауіпсіздік», «киберқауіпсіздіктің», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық инфрақұрылымды», «киберқауіпсіздікті», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйелерінің», «Цифрлық ресурстарды», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық инфрақұрылымның», «цифрлық үкіметтің», «киберқауіпсіздігін», «Цифрландыру және байланыс», «Цифрландыру және байланыс», «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың», «Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға», «Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар», «Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың» деген сөздер тиісінше «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың», «Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға», «Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар», «Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың 3) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 
«2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу:
1) әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін Қазақстан Республикасының заңымен жүзеге асырылады.»;
4) 10-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы «сондай-ақ» деген сөзден кейін «ескерту немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
тақырып, бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген кездегі әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен интеграцияланған цифрлық объектімен деректерді өңдеу арқылы, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар пайдаланыла отырып анықталған немесе тіркелген кезде көрсетілген деректерді өңдеу нәтижелері бойынша анықталған осындай құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
2. Көлік құралын пайдалана отырып жасалған әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген кезде көлік құралдарының меншік иелері (иелері) әкімшілік жауаптылыққа тартылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Көлік құралының меншік иесі (иеленушісі), егер оның хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан көлік құралының оның иелігінен шығып қалуы фактісі анықталса, осы көлік құралын пайдаланып жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.»;
«Осы бапта Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және киберқауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, метрологиялық салыстырып тексеруден өткен автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын, сондай-ақ өлшем көрсеткіштері қолданылмайтын оқиғаларды анықтайтын немесе тіркейтін автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған техникалық құралдар мен аспаптарды техникалық құралдар деп түсіну қажет.»;
1-баптың 6) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
6) 62-баптың екінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтарындағы «, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
тақырып «заңнамасын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпарат енгізу тәртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу тәртібін мынадай:
1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;
2) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
3) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«2-1. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
1-баптың 8) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
8) 215-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жүретін көлік құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар ретінде өткізілетін көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында, мемлекеттік кірістер органдарының көлік құралын тоқтату жөніндегі талап ету орындарында тоқтатпау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерден асырып, оның ішінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталып немесе тіркеліп, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүріп өтуі –»;
жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Iрi көлемдi автокөлiк құралдарының габариттiк параметрлерден асырып, оның iшiнде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталып немесе тiркеліп, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүріп өтуi –»;
11) 597-баптың 4-1-бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары айқындаған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару –»;
1-баптың 12)-14 тармақшалары осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
12) 639-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «ақпараттандыру объектілерімен» деген сөздер «цифрлық объектілермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«640-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде) бұзу»;
тақырыптағы «ақпараттандыру туралы заңнамасын» деген сөздер «цифрлық заңнамасын (цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «ақпараттандыру туралы заңнамасын» деген сөздер «цифрлық заңнамасын (цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы» деген сөздер «цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «ақпараттандыру объектісін» деген сөздер «цифрлық объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері», «ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және оларға ден қою нәтижелері туралы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде» деген сөздер тиісінше «аса маңызды цифрлық объектілер», «электрондық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және оларға ден қою нәтижелері туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 743-баптың 4-1-бөлiгiнiң 4) тармақшасындағы «айыппұл» деген сөз «ескерту немесе айыппұл» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 744-баптың екiншi бөлiгiндегi «сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптарымен тіркелген» деген сөздер «осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес анықталған немесе автоматты режимде тiркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әкімшілік құқық бұзушылықтың осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталуы немесе тіркелуі;»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ic:
1) осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен ескерту түріндегі жазалар және (немесе) айыппұл көзделген бұзушылықтар бойынша ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында ескертуден және (немесе) айыппұлдан басқа өзге де жазалар көзделген бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап қозғалған деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.»;
18) 803-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің түсініктемесі; егер әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде осындай құрал пайдаланылса, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні және қолданылу мерзімі;»;
19) 807-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер әкімшілік құқық бұзушылық (әскери полиция органдарында тіркелген көлік құралын басқару кезінде жасалған құқық бұзушылықты қоспағанда) осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе және осы құқық бұзушылықтар бойынша осы Кодекстің Ерекше бөлігінде ескерту және (немесе) айыппұл түріндегі санкциялар, ескерту немесе айыппұл белгіленсе, мұндай жағдайларда ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді;»;
20) 811-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, адамның ескерту немесе белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқығы бар.»;
21) 817-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң қаралды деп есептеледі.»;
«1-1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, ол қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, осы Кодекстің 817-бабына сәйкес қаралды деп есептеледі.»;
бірінші абзацтағы «Айыппұл» деген сөз «Ескерту немесе айыппұл» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «көлік құралының меншік иесі (иесі)» деген сөздер «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша «көлік құралы» деген сөздердің алдынан «егер құқық бұзушылық көлікте, көлік құралы пайдаланыла отырып, жол шаруашылығында жасалса,» деген сөздермен толықтырылсын;
«5) осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген көрсеткіштер;
6) автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні және қолданылу мерзімі;
7) ескерту түріндегі әкімшілік жаза немесе айыппұл мөлшері;»;
«3. Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде өзіне қатысты ресімделген адамға жіберіледі.
Осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген, электрондық нысанда жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде автоматты режимде қалыптастырылған жағдайда уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.»;
1-баптың 24) тармақшасы осы Заңның 2-бабына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі  
24) 907-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен» деген сөздер «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1), 6), 8), 12), 13), 14) және 24) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi