Близость слов: Окончание:





Данный документ находится в процессе изменения
Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысы
Редакция 12.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.06.2026 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес (31.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)
1) өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін импорты қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер:
1) медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдем;
2) ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде алғашқы медциналық-санитариялық көмек;
3) ересектер және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық‑диагностикалық көмек, оның ішінде:
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2026 жылғы № 542 Қаулысымен (31.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)
радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық диагностика;
зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық (гемостазиологиялық), иммундық-гематологиялық, иммунологиялық, серологиялық, микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, генетикалық, паразитологиялық, молекулалық-биологиялық, физикалық-химиялық зерттеулер);
Полная версия
ИС BestProfi