Близость слов: Окончание:





Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы №141 бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 28 қазанда Куаныш Есентаевич Балтыбаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 19021465 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 13 ақпанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысы Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат К.Е. Балтыбаевтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитетіне:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті төрағасы В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2026 жылғы 5 ақпандағы  № -1/4535-вн ұсынысы, адвокат К.Е. Балтыбаевтың өтініші. 
Полная версия
ИС BestProfi