Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Е.С. Бейсенбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 ақпандағы № 4/8 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Е.С. Бейсенбаевты тағайындау туралы» 2026 жылғы 9 ақпандағы № 280 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Е.С. Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Полная версия
ИС BestProfi