Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 80 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтары осы Бұйрықтың 2-тармағының 5-тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
«16) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны цифрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы цифрлық объектілерді ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту;»;
«34-1) педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы цифрлық объектілерді айқындау;
«36-1) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 17-тармағында көрсетілген адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін операторды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) кәмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ олардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
1-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтары осы Бұйрықтың 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі 
мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2) және 72-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«72-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
72-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтінгтік көрсеткіштерін бағалау әдістемесі және оларды саралау қағидаларының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралауды жүргізу;»;
1-тармағының он алтыншы абзацы осы Бұйрықтың 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
Полная версия
ИС BestProfi