Близость слов: Окончание:





 Инвесторлардың құқықтарын қорғау
 мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес құру
 және ол туралы ережені бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 26 наурыздағы № 49 бұйрығы
«Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 12), 24) тармақшаларына сәйкес  
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес құрамда Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес құрылсын.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 Қазақстан Республикасының  Бас Прокуроры  Б. Асылов
 Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2026 жылғы 26 наурыздағы № 49
  бұйрығының 1-қосымшасы   
 Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі  сарапшылық кеңестің құрамы

Асылов Берік Ноғайұлы,

Төраға

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры


 

Ералы Бауыржан

Бейбітұлы,

Төраға орынбасары

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы


 

Кеңес мүшелері:


 

Баталов Райымбек

Әнуарұлы


 


 

Қожаназаров Айдарбек Асанұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі


 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты


 

Қырықбаев Темір

Базарбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты


 

Адамбеков Тілектес Серікбайұлы


 

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы


 


 

Шайхы Жандос

Алкенұлы


 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты


 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банк төрағасының

бірінші орынбасары


 

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы


 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы


 

Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы


 


 

Бижанова Гүлнар

Қадыржанқызы


 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының

төралқа төрағасы


 

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының

төралқа төрағасының орынбасары


 

Қарсыбеков Оразхан Қайыржанұлы


 

«KazPetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлар кеңесінің мүшесі және Байқау кеңесінің төрағасы


 

Шаекин Руслан

Михайлович


 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы


 

Жүрсінов Рустам

Манарбекұлы


 

«Қазақстан инвесторлар одағы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы

Досымбеков Ерлан

Беркінұлы


 

Ernst & Young (EY) Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі


 

Құнанбаев Тимур

Әділұлы


 

J. P. Morgan Басқарушы директоры, ТМД өңірі бойынша Бас Өңірлік офицері, Орталық Азия және Кавказ бойынша инвестициялық банкингінің басшысы


 

Бикебаев Айдын

Жолшыұлы


 

«Саят жолшы және әріптестер» парасаттық кеңесінің негізін қалаушы,

аға әріптес


 

 Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2026 жылғы 26 наурыздағы № 49
  бұйрығының 2-қосымшасы  
​
 Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі  
  1.	Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес (бұдан әрі – Сарапшылық кеңес) – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган.
  2.	Сарапшылық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
 2-тарау. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
  1) нақты инвестициялық жобалар бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  2) инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  3) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы және мемлекеттік органдардың құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға жәрдемдесу болып табылады.  
  4. Сарапшылық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  1) инвесторларда туындайтын жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша сарапшылық қорытындылар, ұсынымдар дайындайды;
  2) инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық қорытындылар, ұсынымдар дайындайды;
  3) инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  4) ұлттық заңнамаға инвесторлардың құқықтарын қорғаудың үздік әлемдік тәжірибелерін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
  1) меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, материалдарды, мәліметтерді белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
  2) ғылыми-зерттеу ұйымдарының, сарапшылық-талдау құрылымдарының мамандарын, құқық қорғау, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін, сондай-ақ өзге де адамдарды, оның ішінде кәсіби (сарапшылық) пікір алу және қаралатын мәселелер бойынша шоғырландырылған ұстанымды әзірлеу үшін инвесторларды шақыруға және тыңдауға;
  3) осы Ережеден туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
 3-тарау. Сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастыру
  6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Сарапшылық кеңестің төрағасы болып табылады.
  7. Комитет төрағасы Сарапшылық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады.
   Сарапшылық кеңес отырыстарының кестесін, сондай-ақ Сарапшылық кеңес отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын айқындайды;
  Сарапшылық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді;
  Сарапшылық кеңестің отырыстарын шақырады.
  Сарапшылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын Сарапшылық кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
  9. Комитет Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Сарапшылық кеңестің жұмыс органы болып табылады.
  1) Сарапшылық кеңестің отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады;
  2) Сарапшылық кеңестің мүшелерін отырыстың күні, орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді;
  3) Сарапшылық кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамаларды дайындауды және оларға қол қоюды қамтамасыз етеді;
  4) Сарапшылық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмелерін Сарапшылық кеңестің мүшелеріне, басқа органдар мен ұйымдарға жібереді.
  11. Сарапшылық кеңес дауыс беруге құқығы бар Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардың, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерінен, ғалымдардан, сарапшылардан, практик заңгерлерден, экономистерден тұрады.
  Сарапшылық кеңестің хатшысын Комитет төрағасы Комитет қызметкерлері арасынан тағайындайды. Хатшы Сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылмайды және Сарапшылық кеңестің шешім қабылдауы кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
  12. Мәселені Сарапшылық кеңестің қарауына шығару үшін материалдарды дайындау мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
  13. Сарапшылық кеңесі отырысының күні, орны және уақыты туралы оның мүшелері екі жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
  14. Сарапшылық кеңестің отырыстары тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.
  15. Сарапшылық кеңестің отырыстары бетпе-бет, сырттай не нақты уақыт режимінде бейне-конференция арқылы онлайн өткізілуі мүмкін.
  16. Сарапшылық кеңестің қарауына инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелер шығарылады.
  17. Сарапшылық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
  18. Сарапшылық кеңестің шешімдері дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
  19. Сарапшылық кеңестің шешімдері қазақ және орыс тілдерінде хаттама түрінде ресімделеді, оған Сарапшылық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Полная версия
ИС BestProfi