1. «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 сәуірде № 38278 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«2) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» АЦЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған цифрлық объектісі;»;
«10) «Зейнетақы және жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ОДҚ» АЦЖ) - Кодексте белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;»;
«5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын:
1) жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, шаруа (фермер) қожалықтарының және әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша:
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесі болған;
өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
банкроттық немесе таратылу рәсімі болмаған;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған;
еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
өтінім берген күнге жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
Кодекске және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты жүргізген;
жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізбесінде болмаған;
өтінім берген күнге тіркелген электрондық еңбек шарттары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде;
Полная версия

