Близость слов: Окончание:





Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38309 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2 және 4-тармақтарына және 127-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары;
2) Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы   М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 32 қаулысымен
бекітілді
Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары
1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2-тармағына және 127-бабына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары (бұдан әрі – таратылатын банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы), сондай-ақ қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларының төрағасын және мүшелерін тағайындау және босату тәртібін айқындайды.
2. Тарату комиссиясы құрылған кезде мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган мына адамдардың қатарынан тағайындайды:
1) мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына немесе мүшесіне тағайындау үшін құжаттар ұсынған және осы қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін, тестілеуден оң нәтижелер алған, Қағидаларға сәйкес әңгімелесуден өткен кандидаттар (бұдан әрі – кандидат);
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлері (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);
Полная версия
ИС BestProfi