Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 262 қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 506-17), 506-18), 506-19), 506-20), 506-21), 506-22), 506-23), 506-24), 506-25), 506-26), 506-27), 506-28), 506-29), 506-30), 506-31), 506-32) 506-33), 506-34), 506-35), 506-36) және 506-37) тармақшалармен толықтырылсын:
«506-17) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
506-18) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;
506-19) Министрліктің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметтеріне басшылық етеді;
506-20) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
506-21) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
506-22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
506-23) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
506-24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
506-25) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
506-26) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қоюға тапсырыстарды орналастырады;
506-27) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
506-28) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
506-29) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
506-30) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;
506-31) ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өрттердің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
506-32) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;
506-33) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асырады;
506-34) уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
506-35) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
506-36) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
506-37) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындайды;».
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының жиырма үшінші абзацы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия

