«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 19-тармағын, 9-5-бабының 4, 5-тармақтарын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 12, 13-тармақтарын, 16-тармағының 9-тармақшасын, 20-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағын, 15-бабының 6) тармақшасын, 16-бабының 3-тармағын, 41-бабының 3-тармағын, 50-бабының 10-тармағын, 105-бабының 7-тармағын (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 30-1-бабының 2-тармағының 8) тармақшасын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 15 сәуірде № 38437 болып тіркелді
1. Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВВ»-ден төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасындағы ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтинг Қазақстан Республикасының мынадай бейрезидент заңды тұлғалары үшін белгіленсін:
банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың;
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың;
Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (еншілес банктері бар) банктер;
Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары құратын (еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;
Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері;
Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.
Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасында ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтинг Қазақстан Республикасының мынадай:
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесіне иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғаларға, не олардың бас ұйымдарына;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдары бар бейрезидент-заңды тұлғалары үшін белгіленсін.
Осы тармақта көрсетілген рейтингтік агенттіктер рейтингтерінің деңгейлері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес салыстырмалы кестеге сәйкес айқындалады.
2. Банктер туралы заңның 41-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін:
Standard & Poors (Стандард энд Пурс);
Moody 's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис);
Fitch (Фич).
3. Осы қаулының 1- тармағының бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:
1) төмендегі барлық шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары:
Полная версия

