Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 7 және 9-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 66 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38456 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 66 қаулысымен бекітілген
Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидалары
Осы Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 50-бабы 7 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібін белгілейді.
1. Базалық банк лицензиясы бар банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын банк қызметкеріне банктің меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын жиынтық мөлшерде банктік қарыздарды, банк кепілдіктерін беруге құқылы.
Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәмілелерді банкпен ерекше қатынстар арқылы байланысты тұлға болып табылатын қызметкермен Банктер туралы заңның 50-бабында көзделген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып және мынадай шарттардың бірі орындалған:
мәміле жасалатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын банк қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған;
оған қойылатын талаптар мөлшері мен түрін қоса алғанда, Қағидаларға қосымшаның 1-тармағында белгіленетін мәміле бойынша қамтамасыз ету болған;
мәміле жасалатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға боып табылатын банк қызметкерінде Қағидаларға қосымшаның 2-тармағында көзделген орнықсыз қаржылық жағдай белгілері болмаған жағдайда жасайды.
2. Банктер туралы Заңның 50-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін банк, базалық банктік лицензиясы бар банкті қоспағанда, мынадай шарттардың бірі орындалған:
Полная версия

