«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне және 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі, ислам банкі сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38587 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әмбебап банк лицензиясы бар банкі, базалық банк лицензиясы бар банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері (бұдан әрі – Банктерге арналған нормативтер);
2) Ислам банкі сақтауға міндетті пруденциалық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағының 7) және 8) тармақшаларын, 104-тармағының 6) және 7) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мына:
Банктерге арналған нормативтердің 99-тармағыныңқолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«99. Уәкілетті орган Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген лимиттердің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген деңгейлерден жоғары асып кеткенін не Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген лимиттің Банктерге арналған нормативтердің 104-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмендеуін анықтаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банктік холдинг және (немесе) оның ірі қатысушылары банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына жол бермеу және банк қызметіне байланысты тәуекелдерді ұлғайту тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны уәкілетті органға мақұлдау үшін ұсынады.
Іс-шаралар жоспары, мыналармен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:
Лимиттің егжей-тегжейлі талдауы;
Лимиттің болжамы, осы болжамның негіздемесі және Лимиттің банк қызметіне теріс әсері;
Лимитті жақсарту жөніндегі шаралар, оның ішінде оны банк қызметіне қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер туғызбайтын деңгейге дейін жеткізуді көздейтін шаралар;
Банктерге арналған нормативтердің 98-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген лимит анықталған жағдайда, әрбір есепті кезеңде іске асырылуы жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлінісінде;
Полная версия

