Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 376 қаулысы
1. «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 3-тармағына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
«1. Осы Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабының 3-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес әзірленді және ақшалай өтемақыны жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
«1) ақшалай өтемақы – Заңның 101-1-бабының 3-тармағында және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын біржолғы сипаттағы тұрғын үй төлемдері;»;
«1) 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл әскери қызметте болған және күнтізбелік есептеумен жиырма жыл әскери қызметте болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер;»;
«4. Ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің Қазақстан Республикасы бойынша орташа құнын әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр алаң есебінен тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшалай өтемақы алушылардың отбасы мүшелері әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.»;
«6) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген әскери қызметте болуы, отбасы құрамы және Заңның 101-1-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген тұрғын үй төлемін алу туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;
7) егер зайыбы (жұбайы) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші болған жағдайда Заңның 101-1-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген тұрғын үй төлемдерін алғаны туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;»;
«9) егер жұбайы (зайыбы) әскери қызметті және (немесе) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында қызметті өткеріп жүрген немесе өткерген жағдайда жұбайының (зайыбының) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы.»;
«8. Өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, егер әскери қызметшінің не оның жұбайының (зайыбының):
1) тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуын не тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болса;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) біржолғы тұрғын үй төлемін, біржолғы ақшалай өтемақыны немесе ақшалай өтемақыны алса;
4) соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік (пайда болу) құқығында өзіне тиесілі тұрғынжайды иеліктен шығарса, төленбейді.
Бұл ретте әскери қызметшіге Заңның 101-1-бабының 3-тармағында көзделген ақшалай өтемақы, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай төленеді.»;
9-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй төлемін алушылар екінші деңгейдегі банкте бір ғана жеке арнайы шот ашады және оны пайдаланады.
Ақшалай өтемақының нысаналы мақсаты бар.
Ақшалай өтемақы төленген алушылар алты ай ішінде нысаналы пайдаланылғанын растау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттар бойынша тұрғын үй төлемінің пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсынады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия

