Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Н. Ергешбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 16/29 қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «М.Н. Ергешбаевты тағайындау туралы» 2026 жылғы 8 мамырдағы № 1271 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Н. Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы Ш.Өтемісов
Полная версия

