«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ш.С. Нұржігіттің міндеттерінен өз еркімен босату туралы өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ш.С. Нұржігітті Ақтөбе облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 16/30 қаулысы
1. Шыңғыс Сейдахметұлы Нұржігіт Ақтөбе облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Ақтөбе облыстық мәслихатына және Ақтөбе облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы Ш.Өтемісов
Полная версия

