Близость слов: Окончание:





"Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 378 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 894 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесінде:
"Алматы қаласының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 35.5, 36.6 және 39.9-жолдар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   О. Бектенов
Полная версия
ИС BestProfi