БҰЙЫРАМЫН:
«Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 мамырда № 38711 болып тіркелді
1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Альназарова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына 1 қосымша
Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
|
Медициналық қызмет үшін |
|||
|
р/с№ |
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: |
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Ескертпе |
|
1. |
Заңды және жеке тұлғалар үшін – меншік құқығында немесе жалға беру шартында, немесе жылжымайтын мүлікті тегін пайдалану шартында (несиеде) кемінде 1 жылға жасалған, немесе мүлікті сенімді басқару шартында, немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шартындағы санитариялық талаптарға сәйкес келетін, денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін, сондай-ақ бейінді қызметтердің көрсетілетін медициналық көмектің аталатын түрлері бойынша ұйымдастыру стандарттарына сәйкес келетін үй-жайлар немесе ғимараттар. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-License» мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» цифрлық жүйесінен алады. Өндірістік базаның мекенжайы бойынша мәліметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» цифрлық жүйесінен мекенжайдың тіркеу кодын енгізу арқылы толтырылады. Көрсетілетін қызметті алушының өндірістік базасына медициналық қызметтің мәлімделетін кіші түрлері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісу кезінде «Е-License» мемлекеттік дерекқорынан алады. |
|
2. |
Заңды және жеке тұлғалар үшін – мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру стандарттарына және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру ең төмен стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-сайман, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар (қажет болған кезде) меншік құқығында. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші медициналық бұйымды тіркеу туралы мәліметтерді «DariKZ» цифрлық жүйесінен алады. Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтардың, аппаратура мен аспаптардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көлік және басқа да құралдардың амортизациясы, пайдалану сипаттамалары туралы мәліметтерді (құжаттарды) көрсетілетін қызметті алушы «Е-License» порталында және олардың жұмыс істеуін көрсете отырып, өндірістік базада рұқсат беру бақылауы барысында электрондық көшірмелер нысанында ұсынады. Өлшем құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау туралы мәліметтер. «Иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу» қызметінің түріне атом энергиясын пайдалану саласында лицензияның бар болуы туралы мәліметтер. |
|
3. |
Жеке тұлғалар (медицина қызметкерлері) үшін – медициналық қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес тиісті медициналық білімі. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Бірыңғай жоғары білім платформасы» және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық білім беру базасы» цифрлық жүйелерінен 2012 жылдан кейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжат алған адамдардың мәліметтерін алады. 2012 жылға дейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжатты алған адамдар білім туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. |
|
4. |
Жеке тұлғалар (медицина қызметкерлері) үшін: 1) өтініш берілген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша (интернатура, резидентура, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының түлектерін қоспағанда, құжаттарды тапсыру сәтінде 5 (бес) жылдан кешіктірмей оқуын аяқталған түлектерін қоспағанда) соңғы 5 (бес) жыл ішінде біліктілігін арттыру; 2) мамандандыру жөніндегі маманның сертификаты негізінде мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша лицензияға қосымша алған кезде сертификаттау курсы. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Біліктілікті арттыру, сертификаттау курсынан өту туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-License» порталынан «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттарды беру» мемлекеттік қызметімен деректермен алмасу жолымен алады. |
|
5. |
Жеке тұлғалар (медицина қызметкері) үшін – медициналық мамандық (мамандандыру) бойынша маманның тиісті сертификаты. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші медициналық мамандық (мамандандыру) бойынша маманның қолданыстағы сертификаты туралы мәліметтерді «Е-License» мемлекеттік деректер қорынан алады. |
|
6. |
Заңды тұлғалар үшін - осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті берушілер лицензия (оған қосымша) берілгенге дейін көрсетілетін қызметті алушының өндірістік базасына рұқсат беру бақылауы барысында медицина қызметкерлерінің штаты (бекітілген штат кестесі) туралы мәліметтерді алады. Азаматтық заңнамаға сәйкес кейінге қалдыру шартымен жасалған медицина қызметкерлерімен жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Enbek.kz» цифрлық жүйесінен алады. |
|
7. |
Жеке тұлғалар үшін (жеке кәсіпкерлік субъектісі) - медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші еңбек шарттары және қызметкерлердің еңбек өтілі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Enbek.kz» цифрлық жүйесінен алады. |
|
8. |
Заңды және жеке тұлғалар (жеке кәсіпкер) үшін тиісті бейін бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға арналған медициналық цифрлық жүйенің болуы. |
Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті алушы медициналық цифрлық жүйенің болуы туралы мәліметтерді (құжаттарды, шартты) «Е-License» порталында электрондық көшірмелер нысанында ұсынады және өндірістік базада рұқсат беру бақылауы барысында медициналық цифрлық жүйесінің жұмысын көрсете отырып, осы құжаттардың түпнұсқасын ұсынады. |
|
Ескертпе: Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі. Медицина қызметкері тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар заңды тұлғаның штаттық қызметкері болып табылады. |
|||
|
Фармацевтикалық қызмет үшін |
|||
|
р/с № |
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: |
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Ескертпе |
|
1. |
Заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитариялық қағидаларға сәйкес келетін меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар. |
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-License» мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланған «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» цифрлық жүйесінен алады. |
|
2. |
Заңды және жеке тұлғалар үшін - нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және оларды өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақталуды қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен жиһаздар, мүкәммал, аспаптар мен аппаратуралар; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы бір дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңдытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралдары. |
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
|
|
3. |
Заңды тұлғалар үшін – мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлер штаты. |
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
|
|
4. |
Заңды тұлғалар үшін - фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі: 1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдар үшін: - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық немесе медициналық бұйымдарды шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі кемінде үш жыл және мамандығы бойынша жұмыс өтілі; - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық, химиялық немесе биологиялық білім беру немесе медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде техникалық білімі; - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі; 2) дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдар (бұдан әрі-дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхана) үшін: - дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің, сондай-ақ дәрілік препараттардың және басшысының медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің мамандығы бойынша жоғары фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі; - дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі; - аудан орталығында және ауылдық жерлерде жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған кезде дәріхана және оның өндірістік бөлімдері басшысының мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі; 3) дәріханалар үшін: - дәріхана немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі); - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандарда жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі; - интернет арқылы дәрілік заттарды өткізу кезінде сақтау және тасымалдау процесінде олардың қасиеттерінің өзгеруіне жол бермейтін тәсілмен жеткізуді жүзеге асыру үшін және меншік немесе жалға алу құқығындағы көліктің болуы; 4) алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті үшін (бұдан әрі -дәріхана пункті): - дәріхана пункті меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі (мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі). Дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін оларды өткізу үшін оқытудан өткен жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарға рұқсат етіледі; 5) дәріхана қоймасы үшін: - дәріхана қоймасы басшысының жоғары фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі; - дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі; 6) дәріханалары жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін: - жылжымалы дәріхана пунктінің меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі. Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру үшін оларды өткізу үшін оқытудан өткен медициналық білімі бар мамандарға рұқсат етіледі. 7) медициналық бұйымдарды дайындау үшін: - жоғары, техникалық және кәсіптік немесе фармацевтикалық орта білімнен кейінгі білімі, медициналық немесе техникалық білімі. |
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Бірыңғай жоғары білім платформасы» және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық білім беру базасы» цифрлық жүйелерінен 2012 жылдан кейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжат алған адамдардың мәліметтерін алады. 2012 жылға дейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжатты алған адамдар білім туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. |
|
5. |
Жеке тұлғалар үшін-фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша 5 (бес) жыл біліктілігін немесе сертификаттау курсын арттыру. |
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
|
|
6. |
Заңды тұлғаны құрмастан, фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткерлердің жеке тұлғалар үшін фармацевтикалық білімі-жоғары немесе орта білімнен кейінгі фармацевтикалық білімі (үш жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі). |
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер. |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Бірыңғай жоғары білім платформасы» және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық білім беру базасы» цифрлық жүйелерінен 2012 жылдан кейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжат алған адамдардың мәліметтерін алады. 2012 жылға дейін жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы құжатты алған адамдар білім туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. |
Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына 1-қосымша
Нысан

