Близость слов: Окончание:





«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 мамырда № 38703 болып тіркелді
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары сұранысқа ие (тапсырыс берілген) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;
101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 цирфлық белгілері;
автокөлікке бірдей әріптік белгілері бар 101, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 202, 212, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 303, 313, 323, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 404, 414, 424, 434, 454, 464, 474, 484, 494, 505, 515, 525, 535, 545, 565, 575, 585, 595, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 676, 686, 696, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 787, 797, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 898, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989 цифрлық белгі;
автокөлікке бірдей әріптік белгілері бар (001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда);
автокөлікке кез келген қалаған цифрлық және (немесе) әріптік белгідегі (цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) бірдей әріптік белгілерімен);»;
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай цифрлық жүйесі (бұдан әрі – БЦЖ) – «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ тіркеу әрекетінде жасалған көлік құралын міндетті тіркеу деректері бойынша көлік құралдары және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін, уәкілетті органның мемлекеттік цифрлық жүйесі.»;
3-тармақтың 10) тармақшасы мындай редакцияда жазылсын:
«10) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БЦЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық символдар түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;»;
Полная версия
ИС BestProfi