БҰЙЫРАМЫН:
«Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 241 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 мамырда № 38750 болып тіркелді
1. «Тұрғын үй құрылысы мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94–бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес. БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«1. Осы Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94 - бабының 1 – тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
«2. Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.»;
«6) кредит - Тұжырымдамада және осы Қағидаларында белгіленген шартының негізінде жобаны іске асыру үшін қарыз алушыға банктік қарыз ЕДБ беретін ақшалай қаражаттың сомасы;»;
«13) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып, Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
14) бірінші деңгейдегі жүйе - Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын МГП салалық/ операторлық жүйесімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шарасын алушының базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
15) базалық талаптар-Жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларына мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын талаптар.»;
«4. Тұжырымдамаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда кредиттер есебінен жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын қарыз алушылар субсидия алушылар болып табылады.»;
«15. Қарыз алушы ЕДБ-ге Тұжырымдамаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттармен жобаны іске асыру үшін кредит алуға немесе қайта қаржыландыруға өтініш (ЕДБ ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) береді.
Полная версия

