Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 319-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5) асыл тұқымдық кітап – белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер жиынтығы;»;
«15) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар; асыл тұқымды аналық бал ара, сондай-ақ асыл тұқымды бал ара ұясы, аталық бал араның ұрығы, асыл тұқымды аналық бал арадан алынған жұмыртқалар, құртшабақтар;»;
33) тармақша «тұқымдық» деген сөзден кейін «және өнімділік» деген сөздермен толықтырылсын;
«2-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамыту үшін оның экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жағдай жасау.
2.  Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:
1)  асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;
2)  асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алуды ұйымдастыру;
3)  асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
4)  асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау;
5) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру мен дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру.
Полная версия
ИС BestProfi