Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 53-бабының 2-тармағына және 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39051 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы Р. Исакулов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығына 1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
2. Осы Қағидаларда Кодексте айқындалған ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым қолданылады:
1) авторлық сүйемелдеу – құрылыс жобасы авторының (авторларының) құрылыс сатысын сүйемелдеуді жүзеге асыруы, оның ішінде оған өзгерістер енгізу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
2) жобалау құжаттамасы – жобалау барысында жасалатын мәтіндік және графикалық құжаттар жиынтығы, ол мыналарды қамтиды:
абаттандыру және көгалдандыру жобалары. Абаттандыру және көгалдандыру жобалары құрылыс жобасының құрамында болуы мүмкін;
Полная версия

