1. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 323-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«3-1) Арнаулы операциялар күштері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операцияларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы мақсаттағы бір бөлігі;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) әскери өкілдің аппараты – халықаралық ұйымда және шет мемлекеттің әскери ынтымақтастық органында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүдделерін білдіретін әскери қызметшілер болып саналатын, өз қызметін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүзеге асыратын әскери өкіл, оның орынбасарлары мен көмекшілері;»;
«3-бап. Осы Заңның қағидаттары
Осы Заңның қағидаттары:»;
«6) Қарулы Күштер түрлерінің, Арнаулы операциялар күштерінің, әскер тектерiнің, арнаулы әскерлердiң жедел мақсаты мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;»;
25) тармақша «аппараты» деген сөзден кейін «мен әскери өкілдер аппараты» деген сөздермен толықтырылсын;
26-21) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
26-29) және 26-30) тармақшалар алып тасталсын;
Полная версия

