Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 324-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 97-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін құруды (әзірлеуді), дамытуды, сүйемелдеуді, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық және консультациялық сүйемелдеуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.»;
2) 105-баптың 1-тармағының 8-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-3) өнеркәсіптік кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;»;
3) 283-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «ескеріле отырып» деген сөздерден кейін «, ал өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау да ескеріле отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы:
«сәйкес» деген сөзден кейін «кәдеге жарату төлеміне» деген сөздермен толықтырылсын;
«шотына» деген сөзден кейін «берілген өтінім негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші сөйлемдегі «Осы баптың» деген сөздер «Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, осы баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 388-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен шарт жасасқан өндірушілердің кәдеге жарату төлемін енгізу жөніндегі міндеттемелері қарсы талаптар болған кезде есепке жатқызу арқылы тоқтатылады.»;
2) 389-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) артық және (немесе) қате төленген сомалар фактілері расталған жағдайда, артық және (немесе) қате төленген сомаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы белгілеген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) жолданымдары алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өндірушілердің (импорттаушылардың) жолданымдары негізінде қайтару.
Кәдеге жарату төлемінің барлық асып кеткен сомасы қайтарылуға тиіс;»;
Полная версия
ИС BestProfi