Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
152-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік жер кадастрының картографиялық негізін қалыптастыру үшін мемлекеттік есептеу жүйесі пайдаланылады.».
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
«5-4) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті лауазымды адамының Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасының аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының бұзылуын анықтау туралы баянаты;».
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 22-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «өнеркәсіптік қауіпсіздік» деген сөздерден кейін «, киберқауіпсіздік» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) жұмыскерлерді жұмыс берушінің киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі актілерінің талаптарымен таныстыруға және олардың орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға;».
4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 4-баптың 1-тармағының 14-2), 34-1) және 37-1) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-баптың 1-тармағының бесінші абзацы алып тасталсын.
5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік қайырымдылық платформасын әзірлеуді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, деректерін талдау мен өңдеуді, өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауды, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды;»;
6) тармақша «әлеуметтік-еңбек саласындағы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік қайырымдылық платформасын пайдалану мәселелері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi