Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 1337 Жарлығы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті  Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 1337 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Әскери ант беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 870 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әскери ант қабылдау тәртібі туралы ережеде:
5-тармақтағы «туы», «елтаңбасы», «гимнiн», «гимнi», «туын» деген сөздер тиісінше «Туы», «Елтаңбасы», «Әнұранын», «Әнұраны», «Туын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «тәуелсіздігі» деген сөз «Тәуелсіздігі» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығында:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «айырым», «Республика», «омырау белгісі» деген сөздер тиісінше «ерекшелік», «Қазақстан Республикасы», «төсбелгісі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) тармақшадағы «Республика астанасындағы», «Республика Президентi» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының астанасындағы», «Қазақстан Республикасының Президентi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ту», «Республика Президентінің» деген сөздер тиісінше «Ту», «Қазақстан Республикасы Президентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республика Президентiнiң», «омырау белгісі», «Республика Президентi» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Президентiнiң», «төсбелгісі», «Қазақстан Республикасының Президентi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламент» деген сөз «Құрылтай» деген сөзбен ауыстырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi