Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 16-тармағы 2) тармақшасындағы «бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) нотариаттық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
2) 138-бап 120) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 121) тармақшамен толықтырылсын:
«121) Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.».
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 135-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) мемлекеттік сатып алу және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алу туралы міндеттемені орындау туралы;»;
төртінші бөліктің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Санкция беруді: сот орындаушысының қаулысына қолтаңбасымен куәландырылатын «Санкциялаймын» деген мөртабанды басу арқылы прокурор; ұйғарым шығару арқылы сот жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья – атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым, ал прокурор қаулы шығарады.
Сот орындаушысының электрондық құжат түрінде ұсынылған қаулысына санкция беруді прокурор – өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы, ал сот электрондық түрде ұйғарым шығару арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья – санкция беруден бас тарту туралы электрондық түрдегі уәжді ұйғарым, ал прокурор электрондық құжат түріндегі қаулы шығарады.»;
екінші абзацтағы «қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың» деген сөздер «қаулыны санкциялау мәселесі бойынша сот» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің», «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне», «Әділет министрлігіне бекітуге» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органға», «уәкілетті органға бекітуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi