Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 37-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы берілген жер қойнауын пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың бөліктерін) басқа жер қойнауын пайдаланушыға «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына сәйкес бірлескен аумақта операцияларды жүргізу тәртібі туралы өздерінің арасында жасалған келісім болған кезде көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдау үшін мерзім бір жыл болып немесе топырақтың құнарсыздануы және тозуы анықталған кезде осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бонитет балдарының мынадай көрсеткіштері бойынша топырақтың құнарсыздануы және тозуы анықталған кезде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды қабылдаудың мынадай мерзімдері белгіленеді:
1) бонитет балы жиырмаға дейін болған кезде – бес жыл;
2) бонитет балы жиырмадан қырыққа дейін болған кезде – төрт жыл;
3) бонитет балы қырықтан алпысқа дейін болған кезде – үш жыл;
4) бонитет балы алпыстан сексенге дейін болған кезде – екі жыл;
5) бонитет балы сексен және одан жоғары болған кезде – бір жыл.»;
алтыншы бөліктегі «бесінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 1-баптың 2-тармағындағы «мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен» деген сөздер «, мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін және Париж келісімінің нарықтық тетіктерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 3-тармағы «офсеттері» деген сөзден кейін «және Париж келісімінің нарықтық тетіктері» деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi