«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 604 қаулысы
Редакция 27.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму, Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Энергетика министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
7. Осы қаулы:
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 2-тармағын және 2-қосымшаның 2-тармағын, өзгерістердің 1-тармағының сегізінші абзацын, 2-тармағының сегізінші абзацын, 4-тармағының он бесінші абзацын, 7-тармағының бесінші, жетінші, он екінші, он бесінші абзацтарын;
2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 4-тармағын, 2-қосымшаның 1-тармағын, 3-қосымшаны, өзгерістердің 1-тармағының төртінші, бесінші абзацтарын, 2-тармағының алтыншы, он екінші абзацтарын, 4-тармағының алтыншы, он жетінші абзацтарын, 6-тармағының бесінші абзацын, 7-тармағының төртінші, он төртінші абзацтарын, 9-тармағының төртінші абзацын, 10-тармағының төртінші абзацын;
2028 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 1 және 11-тармақтарын, өзгерістердің 1-тармағының он үшінші абзацын, 2-тармағының оныншы абзацын, 4-тармағының төртінші, сегізінші, оныншы, он төртінші абзацтарын, 8-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың тізбесі
1-тармақ осы Қаулының 7-тармағына сәйкес 2028 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Ғарыш техникасы және технологиялар институты» акционерлік қоғамы болып қайта құрылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2026 жылғы № 659 Қаулысына сәйкес (10.07.2026 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ осы Қаулының 7-тармағына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылсын.
Полная версия

