Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
оныншы бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаның нысанасы ескерілетін қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігінің болуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау тәртібіне сәйкес тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган растайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобада көзделген өнеркәсіптік (өндірістік) объект пайдалануға берілгенге дейін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлемегені не оған өзгерістерді уақтылы енгізбегені үшін жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жоба үшін жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 20-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен қоғамдық талқылауларды қамтиды.»;
2) 44-2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаның нысанасы ескерілетін қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігінің болуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау тәртібіне сәйкес тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган растайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобада көзделген өнеркәсіптік (өндірістік) объект пайдалануға берілгенге дейін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлемегені не оған өзгерістерді уақтылы енгізбегені үшін жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жоба үшін жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 20-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен қоғамдық талқылауларды қамтиды.»;
3) 92-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 109-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.».
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағының 35) тармақшасындағы «некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетін» деген сөздер «некеде тұратын (ерлі-зайыпты) және балалы болғысы келетін, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi