Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39553 болып тіркелді
 1. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
 көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
 4. Осы бұйрық Үлгілік ереженің 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 18-тармағының 11), 12), 13) және 14) тармақшаларын, 19-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларын және 20-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың қолданысы тоқтатыла тұрсын:
 1) Үлгілік ереженің 18-тармағының 10) тармақшасы, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп:
 «10) мүдделер қақтығысын анықтау, оған мониторинг жүргізу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;»;
 2) Үлгілік ереженің 19-тармағының 3) және 4) тармақшалары, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп:
 «3) Қазақстан Республикасы заңнамасының мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарының сақталуы;
 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және (немесе) жекжаттарымен бірге жұмыс істеуіне тыйым салудың сақталуы;»;
 3) Үлгілік ереженің 22, 23, 24 және 25-тармақтары, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленіп:
 «22. Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу, оқыту жүргізу, ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
 23. Қызметтің және Жауапты тұлғаның ұсынымдары квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына немесе құзыретіне тиісті мәселе жататын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде міндетті түрде қаралуға жатады.
 24. Ұсынымдарды қарау қорытындылары бойынша құрылымдық бөлімшелер Қызметті немесе Жауапты тұлғаны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді не оларды орындаудың мүмкін еместігіне уәжді негіздеме ұсынады.
 25. Қызмет жылына кемінде бір рет директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есеп ұсынады.».
Полная версия
ИС BestProfi