Близость слов: Окончание:





«Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 770 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 тамызда № 39554 болып тіркелді
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 141-2-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 10 тамыздағы
№ 770 бұйрығымен
бекітілген
Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1. Осы Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 141-2-бабына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
аумақтық әділет органы – астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әділет бөлімшелері;
жеке сот орындаушысын аттестаттау – Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білу деңгейін және оны практикада қолдану дағдыларын бағалау;
тестілеу операторы – тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды және «Кәсіби қызметпен айналысу және біліктілік беру құқығына автоматтандырылған режимде кешенді тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші оператор;
уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
жеке сот орындаушысы ретінде үш жылдан астам жұмыс өтілі бар;
соңғы үш жыл ішінде аттестаттаудан өтпеген.
жеке сот орындаушысының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
4. Жеке сот орындаушысын аттестаттау алдыңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап үш жылда бір рет жүргізіледі.
2-тарау. Жеке сот орындаушыларын аттестаттаудан өткізу тәртібі
5. Жеке сот орындаушысын аттестаттау осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бекітілген жеке сот орындаушыларын аттестаттау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес өткізіледі.
6. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен келісу бойынша тоқсан сайын, алдағы тоқсанның алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірмей, кестені бекітеді.
Кестеге жеке сот орындаушысы ретінде үш жылдан астам жұмыс өтілі бар және соңғы үш жыл ішінде аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушылары енгізіледі.
7. Уәкілетті органның жеке сот орындаушыларын аттестаттауды өткізу туралы шешімі кесте бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей кестеге сәйкес бекітіледі.
8. Жеке сот орындаушысын аттестаттауды өткізу мерзімі уәкілетті орган шешім шығарған күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күнді құрайды. Шешімге аттестаттауды өткізуге уәкілеттік берілген лауазымды адам қол қояды.
9. Уәкілетті органның жеке сот орындаушыларын аттестаттауды өткізу туралы шешімі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады және ол бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындау үшін жіберіледі.
10. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның шешімімен ол келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аттестаттауға жататын жеке сот орындаушыларын таныстыруды қамтамасыз етеді.
11. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысына шешімнің көшірмелері мен өзге де құжаттарды табыстайды немесе тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын (электрондық пошта мекенжайын) пайдалана отырып жібереді.
12. Аумақтық әділет органы Тестілеу операторына кестені ол келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
13. Тестілеу операторы кесте келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына тестілеуге жіберілген адамдар тізіміне енгізілген жеке сот орындаушыларының тізімін жолдайды.
14. Аумақтық әділет органы Тестілеу операторы жеке сот орындаушыларын тестілеуге жіберілген адамдардың тізіміне енгізген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысына аттестаттауды өткізудің орны, күні және уақыты туралы хабарлайды.
15. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жарақтандырылған тестілеу залдарында өткізіледі.
1) жеке сот орындаушысының қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін және Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодекс білімін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.
17. Бірінші кезең 100 сұрақтан тұрады: Қазақстан Республикасының Конституциясы – 9; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 45, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 8, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 8, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – 5, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 10, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі – 5;
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуге арналған сұрақтар бір дұрыс жауабы бар кемінде төрт жауап нұсқасын қамтиды.
Екінші кезең 12 сұрақтан тұрады (әрқайсысы 4 сұрақтан тұратын 3 ситуациялық тапсырма).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін және Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодекс білімін тексеруге арналған сұрақтар бір дұрыс жауабы бар кемінде төрт жауап нұсқасын қамтиды.
18. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт – 120 (жүз жиырма) минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін және Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодекс білімін тексеруге арналған компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт – 30 (отыз) минут (3 ситуациялық тапсырма бойынша 12 сұрақ).
19. Аттестаттауға келген кезде жеке сот орындаушысының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
20. Жеке сот орындаушысы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өтеді.
21. Аттестаттауды өткізу кезінде жеке сот орындаушысының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (соның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануына жол берілмейді.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы жеке сот орындаушысын ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды. Шеттетілген жеке сот орындаушысы аттестаттаудан өтпеді деп есептеледі.
22. Жеке сот орындаушысы егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70% (жетпіс) және одан астамын құраса, заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
Жеке сот орындаушысы егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 75% (жетпіс бес) және одан астамын құраса, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін және Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодекс білімін тексеруге арналған компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Жеке сот орындаушысы аттестаттаудың екі кезеңінен де оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
23. Белгіленген мәндерден төмен аттестаттау нәтижелерін алған жеке сот орындаушысы қайта аттестаттауға біліктілігін арттырғаннан кейін жіберіледі.
24. Тестілеу операторы жеке сот орындаушысы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін жібереді.
25. Аттестаттау кезеңінің нәтижесі бойынша уәкілетті орган осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өткені/өтпегені туралы шешім қабылдайды.
26. Аттестаттауға дәлелді себеппен (сырқаттануына, жақын туысының қайтыс болуына және еңсерілмейтін күш мән-жайларына байланысты) келмеген жеке сот орындаушысы аумақтық органға өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған кезде осы Қағиданың 14-тармағына сәйкес тестілеуден басқа күні өте алады.
Бұл ретте электрондық нысандағы өтініш аттестаттауға келмеген себебі болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық әділет органының электрондық пошта мекенжайына не тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары арқылы жіберіледі.
27. Аумақтық әділет органы тоқсанына бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Уәкілетті органға және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес аттестаттаудан өткен/өтпеген жеке сот орындаушылары туралы ақпаратты жібереді.
3-тарау. Біліктілікті арттыруға жіберу, жеке сот орындаушыларын қайта аттестаттаудан өткізу және жеке сот орындаушыларын лицензиясынан айыру тәртібі
28. Аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы біліктілігін арттырудан өтеді.
29. Осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген ақпаратты алған Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды өткізеді.
30. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді.
31. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы уәкілетті органға біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде біліктілігін арттырудан өткен жеке сот орындаушыларының тізімін жібереді.
32. Аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы осы Қағиданың 2-тарауында көрсетілген тәртіппен бір реттен аспайтын қайта аттестаттаудан өтуге жатады.
33. Қайта аттестаттау осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органның қайта аттестаттауды өткізу туралы шешімі бойынша жүргізіледі.
34. Уәкілетті орган біліктілігін арттырудан өткен жеке сот орындаушыларының тізімі келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларын қайта аттестаттауды өткізу туралы шешім шығарады.
35. Аттестаттауға қайтадан дәлелді себепсіз келмеген не қайта аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы Заңның 144-бабына сәйкес лицензиясынан айыруға жатады.
Жеке сот орындаушысын
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша

«Келісілді»

_______________________

Жеке сот орындаушыларының

Республикалық палатасының басшысы

_______ _________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20___ жыл "__" _________

«Бекітемін»

______________________________________

Уәкілетті орган басшысы

_______ _________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған

жағдайда)

20___ жыл "__" _________

 20__ жылға арналған ________________________________ жеке сот орындаушыларын аттестаттау кестесі (өңір)

Жеке сот орындаушыларының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Аттестаттаудың соңғы мерзімі

Аттестаттауды жүргізу тоқсаны

1


 


 


 

...


 


 


 

Жеке сот орындаушысын
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
2- қосымша
Жеке сот орындаушысының аттестатталғаны/аттестатталмағаны туралы шешім
           _____________________________________________________________________
                                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жеке сот орындаушысы аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.
Шешім қабылданған сәтінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес тәртіппен және мерзімде шағымданылуы мүмкін.
                           (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Жеке сот орындаушысын
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
3- қосымша
Жеке сот орындаушыларын аттестаттаудың қорытындысы бойынша есеп

Жеке сот орындаушыларының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

ЖСН

ЖСО лицензиясының

және күні

Мерзімі (аттестаттауды өткізу күні)

Аттестаттаудың нәтижесі аттестатталды/ аттестатталған жоқ.

(шешімнің № және күні)

Біліктілігін арттыруға жолдау

(хаттың № және күні)

Қайта аттестаттау (күні және өту нәтижесі)

1


 


 


 


 


 


 

Полная версия
ИС BestProfi