Близость слов: Окончание:





«Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы № 88/ҚЕ бұйрығы
1. «Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10930 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары: 1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа);
2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына;
3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) отбасы мүшелеріне қолданылады.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 33059) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнамасы және құқықтық ақпараты институты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына орналастыру үшін жіберсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Е. Сағымбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi