"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 702 қаулысы
1. Қоса беріліп отырған "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 702 қаулысымен Бекітілген
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Мазмұны
|
1-бөлім |
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының паспорты |
3 |
|
2-бөлім |
Кіріспе (қысқаша аңдатпа және даму бағдарламасының мақсаты) |
5 |
|
3-бөлім |
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйіне, оның ішінде жетістіктеріне, проблемалары мен сын-қатерлеріне шолу |
6 |
|
3.1-кіші бөлім |
Ағымдағы жай-күйді талдау |
6 |
|
3.2-кіші бөлім |
Трендтер мен сын-қатерлерді талдау |
26 |
|
3.3-кіші бөлім |
Даму болжамы және ықтимал даму сценарийлері мен олардың "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына әсерін айқындау |
30 |
|
4-бөлім |
Бағдарламаның пайымы, миссиясы және құндылықтары |
33 |
|
5-бөлім |
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық басымдықтары |
35 |
|
5.1-кіші бөлім |
Академиялық қызмет |
35 |
|
5.2-кіші бөлім |
Ғылыми қызмет |
36 |
|
5.3-кіші бөлім |
Цифрлық трансформация және жаһандық академиялық серіктестік |
37 |
|
5.4-кіші бөлім |
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының үшінші миссиясы |
38 |
|
5.5-кіші бөлім |
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының инфрақұрылымы |
40 |
|
6-бөлім |
Бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары |
41 |
|
7-бөлім |
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелердің сипаттамасы |
43 |
|
8-бөлім |
Бағдарламаны іске асыру прогресін мониторингтеу және бағалау |
43 |
1-бөлім. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасының паспорты
|
Бағдарламаның атауы |
"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚАТЗУ, университет) 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы |
|
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздемелер |
1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 2) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; 3) "Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығы; 4) "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы; 5) "Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығы; 6) "Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 1042 Жарлығы; 7) "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы; 8) "Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы; 9) "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 590 бұйрығы; 10) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ-тың (бұдан әрі – "ҰАҒБО") 2024 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясы ("ҰАҒБО" Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 06/24 шешімімен бекітілген) |
|
Бағдарламаны әзірлеуші |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ) Бағдарламаны ҚАТЗУ басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы әзірледі, университет ғылыми кеңесінің (2026 жылғы 26 ақпандағы № 9 хаттама) және директорлар кеңесінің (2026 жылғы 17 наурыздағы № 3/26 хаттама) шешімімен мақұлданды |
|
Бағдарламаның мақсаттары |
ҚАТЗУ-да әлемдік және өңірлік контекстке интеграцияланған заманауи академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру, университетті аграрлық секторды заманауи сын-қатерлерге дайын кадрлармен қамтамасыз ететін және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) білім беру процесіне терең интеграциялайтын технологиялық басымдықтар орталығына трансформациялау |
|
Бағдарламаның міндеттері |
1) сапалы қолжетімді білім беру жүйесін құру; 2) ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, білім беруді, ғылымды, өндіріс пен бизнес-құрылымдарды интеграциялау; 3) серіктестік ынтымақтастықты кеңейту және университеттік білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру; 4) Университеттің ұлттық және әлемдік ғылым мен жоғары білім жүйесіндегі позицияларын нығайту және жетілдіру; 5) Университеттің инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру |
|
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері |
2026 – 2030 жылдар |
|
Қаржыландыру көздері |
Республикалық бюджет қаражаты, ҚАТЗУ-дың меншікті қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер |
2-бөлім. Кіріспе (қысқаша аңдатпа және даму бағдарламасының мақсаты)
Осы "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ-тың 2026 – 2030 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) жоғары оқу орнының (бұдан әр – жоо) әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану векторын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады, 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегияның қисынды жалғасы ретінде әзірленді. Өткен кезеңде ҚАТЗУ зерттеу университеті мәртебесін табысты растап, халықаралық рейтингтерде өз позицияларын нығайтты.
ҚАТЗУ-дың бірегейлігі оның Қазақстанның аграрлық саласының басты стратегиялық зияткерлік орталығы ретіндегі рөліне негізделеді. Классикалық жоо-дан айырмашылығы, ҚАТЗУ-дың қуатты ғылыми базасы және университеттің ғылыми-білім беру контурына интеграцияланған ҰАҒБО ведомстволық бағынысты ұйымдарының ("А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС (бұдан әрі – А.И. Бараев атындағы АШҒӨО), Солтүстік-Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС (бұдан әрі – Солтүстік Қазақстан АШҒЗИ) және т.б.) бірегей тәжірибелік шаруашылықтар желісі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК), биологиялық, экологиялық және басқа да бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары бар. Бұл зертханадағы іргелі зерттеуден бастап, дайын технологияларды тікелей алқапқа енгізуге дейінгі инновациялардың толық циклін қамтамасыз етеді. Университет жоғары технологиялық және цифрлық ауыл шаруашылығы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлайды.
Бағдарлама академиялық ғылым мен нақты өндіріс арасындағы институционалдық алшақтықты жоюға бағытталған. Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, білім алушыларды зерттеу жобаларына терең интеграциялау және халықаралық серіктестікті кеңейту негізгі басымдықтарға айналуда. Бағдарламаны әзірлеу еліміздің Ұлттық даму жоспарында қойылған, Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша жолдауларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларында, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндеттерді ескере отырып жүзеге асырылды.
Білімнің, ғылымның, өндіріс пен бизнес-құрылымдардың интеграциясы ұлттық экономиканың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы, сондай-ақ білім экономикасының орнықты дамуының сыни факторы болып табылады. Әлемдік озық тәжірибе көрсеткендей, интеграцияланған ғылыми-білім беру ресурстары еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді, ал өндірістегі жаңа білімге негізделген технологиялық өзгерістер елдің экономикалық өсуіне ықпал етеді.
Бағдарламаның мақсаттары: ҚАТЗУ-да әлемдік және өңірлік контекстке интеграцияланған заманауи академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру, университетті аграрлық секторды заманауи сын-қатерлерге дайын кадрлармен қамтамасыз ететін және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) білім беру процесіне терең интеграциялайтын технологиялық басымдықтар орталығына трансформациялау.
Бағдарлама ҚАТЗУ-ды реформалаудың негізгі тәсілдері мен бағыттарын, қажетті ресурстарды және күтілетін нәтижелерді сипаттайды. Бағдарламаны іске асыру аясында оның базасында қызметінің тиімділігі жағынан жетекші шетелдік университеттерден кем түспейтін АӨК саласындағы заманауи зерттеу университетін құру мақсатында ҚАТЗУ-дың ғылыми-зерттеу, білім беру және инновациялық қызметін терең жаңғырту, инфрақұрылымы мен институционалдық ортасын дамыту бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру жоспарлануда.
3-бөлім. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ағымдағы жай-күйіне, оның ішінде жетістіктеріне, проблемалары мен сын-қатерлеріне шолу
3.1-кіші бөлім. Ағымдағы жай-күйді талдау
ҚАТЗУ – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ірі аграрлық жоо, Астана қаласындағы алғашқы жоғары оқу орны, 1957 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институты ретінде негізі қаланған (КСРО Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 3 қазандағы № 1176 қаулысы). Бүгінгі таңда ҚАТЗУ – өзінің 70 жылға жуық бай тарихы, танылған ғылыми мектептері, терең білім беру дәстүрлері бар көпбейінді университет.

