1-бап өзгертілді ҚР 26.01.2011 жылғы № 400-IV Заңымен (30.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 09.01.2012 жылғы № 535-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 03.12.2013 жылғы № 151-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 21.04.2016 жылғы № 504-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.04.2016 жылы № 78 (28806) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңымен (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (08.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) автоматты түрде лицензиялау (байқау) – жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;
2) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы – сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтерді қамтитын интернет-ресурс;
3) айрықша құқық – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жекелеген тауар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруына айрықша лицензия негізінде ұсынылатын құқық;
5-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (23.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша алынып тасталды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (23.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) бақылау (сәйкестендіру) белгісі – қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар, сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған қатаң есептілік бланкісі (құжат) (қорғалған полиграфиялық өнім);
8) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
12) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшері (шамасы);
14) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;