Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Қазақстан Республикасына сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «прокуратура,» «прокуратура» деген сөздерден кейін тиісінше «азаматтық қорғау,», «, азаматтық қорғау» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 24.06.2025 жылғы № 196-VIII Заңымен (13.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I. Жалпы Ережелер
1-бап.
1-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (14.05.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.
Мемлекеттік наградаларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2-бап.
2-бап өзгертілді ҚР 01.12.2008 жылғы № 93-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 13.01.2025 жылғы № 157-VIII Заңымен (30.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ басқа да ордендер, медальдар, құрметтi атақтар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.
3-бап.
3-бап өзгертілді ҚР 01.12.2008 жылғы № 93-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi.
Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
4-бап.
4-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (14.05.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
"Алтын Қыран" орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.
Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Құрылтайы, Үкiметi, Қазақстан Халық Кеңесі, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi.
Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн.
Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi.
Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.
5-бап.
5-бап өзгертілді ҚР 13.01.2025 жылғы № 157-VIII Заңымен (30.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 5-бап өзгертілді ҚР 14.05.2026 жылғы № 289-VIII Заңымен (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия

